USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Израильдік дәрігерлер 23 науқасқа ота жасайды

Израильдік дәрігерлер 23 науқасқа ота жасайды

Өскемендегі Ана мен бала орталығында Израильден келген дәрігерлер үш күн ішінде 23 науқасқа ота жасамақ. Аталмыш шара облыс әкімдігі мен Израиль медицина орталығының екіжақты меморандум аясында іске асады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екіжақты келісім барысында шетелдік және отандық дәрігерлер бірлесіп 10 балаға күрделі ота жасайтын болады.

- Жақында ғана «лизинг» бағдарламасы бойынша гинекология бөліміне бірнеше құрал-жабдықтар сатып алған болатынбыз. Соның көмегімен бірнеше ота жасап үлгердік. Осы заманауи құрылғының арқасында көптеген күрделі науқас сырқатынан тез сауығып кететін болады, - дейді облыстық Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова.

Айтпақшы, соңғы 2 жылда Израильден келген мамандармен тәжірибе алмасудың нәтижесінде жергілікті дәрігерлердің біліктіліктері біршама жоғарылаған.

Аталмыш құрал-жабдықтар арқылы отаны жарты сағатта жасап шығамыз. Әрі науқас есін тез жинап, оны бірнеше сағаттан соң үйіне қайтаруға да болады. Мұндай жүйе сіздерде енгізілмегендіктен, бұл таңсық көрінуі де әбден мүмкін, - дейді шетелдік гинеколог дәрігер С.Гуревич.

Ажар Сағатпекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде