USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шетелдік кітапханашылар бесікке бөлеуді үйренді

Шетелдік кітапханашылар бесікке бөлеуді үйренді

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Достық үйі мен тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері Ресей мен Беларусь елдерінен келген кітапханашыларға қазақтың бесікке салу дәстүрін көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық аясында өткен «бір шаңырақ астында» атты халықаралық кітапханалық кездесуде үш елдің кітапханашылары түрлі халықтардың салт-дәстүрлері туралы сыр шертіп, балалар мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен төзімділікке тәрбиелеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында ресейлік кітапханашылар отбасылық құндылықтар, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы кітапхананың рөлі жайында әңгімеледі. Ал Беларуссияның Могилев қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен жүргізілген телекөпірде кітапхананың халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін сақтау мен жаңғыртудағы маңызы жайында ашық пікірсайыс ұйымдастырылды.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кітапхана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде