USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО Зайсан қаласында жаңа аурухана салына ма?

ШҚО Зайсан қаласында жаңа аурухана салына ма?


45 жыл бұрын тұрғызылған Зайсандағы ескі емхананың орнына жаңа ғимарат салынуы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданда өткен облыстық қоғамдық кеңестің көшпелі мәжілісінде аудандағы денсаулық сақтау саласының мәселелері қаралды.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нағима Ахметованың айтуынша, бүгінгі күні профилактикалық медициналық
қаралудан жергілікті тұрғындардың 70 пайызы өткен. Денсаулық сақтау министрлігінің тегін дәрі-дәрмек босату туралы бұйрығын орындау жұмыстары аясында ауданға ағымдағы жылы 77 млн. теңгенің дәрі-дәрмегі жіберіліп отыр. Алайда аудан тұрғындарын алаңдатып отырған мәселе бар.

Еңбек ардагері Қалибек Алтыбаевтың айтуынша, қазіргі ескі аурухана ғимараты 1970 жылы салынған.

– Қазір орын таңдалынып, жобалық-сметалық құжаттар дайындалу үстінде, жобаға 50 млн. теңге қажет. Құрылыс 2016 жылға жоспарланған, – дейді Нағима Ахметова.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде