USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде өткен көпсайыста ішкі істер министрлігінің командасы чемпион атанды

Өскеменде өткен көпсайыста ішкі істер министрлігінің командасы чемпион атанды


Өскеменде президенттік көпсайыс бойынша еліміздің Ішкі істер министрлігі чемпионатының және «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының үшінші жазғы салалық спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған құқық қорғау органдары, күш құрылымдары мен арнайы бөлімшелердің қызметкерлері төрт
күн бойы ұрыс қаруынан ату, еркін жүзу, қысқа және ұзын қашықтық қа жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру және граната лақтырудан өзара мықтыны анықтады. Жалпы, президенттік көпсайыс өте қиын қолданбалы қызметтік спорт түрі болып табылатынын айта кеткен жөн. Спортшылар жас санаты бойынша төрт топқа бөлініп, сайысқа түсті.

– Біз мұндай спартакиданы соңғы сегіз жылда алғаш рет өткізіп отырмыз. Келесі жолғы жарыс бағдарламасына автомобильдік және мотоциклеттік спорт түрлерін енгізуді жоспарлаудамыз. Жалпы, Өскемендегі спартакиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді, – дейді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы спорт басқармасының басшысы Николай Князев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиадаға қатысушылар айтуға тұрарлық бірқатар тамаша нәтиже көрсете білді. Аса тартысты өткен жарыс қорытындысында спартакиданың жеңімпазы болып еліміздің Ішкі істер министрлігінің құрама командасы танылды. Ал екінші және үшінші орындарды сәйкесінше, ІІМ Ұлттық ұланының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командалары иеленді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің аймақаралық чемпионатында өздерінің топтарында бірінші орындарды Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаменттері иеленсе, екінші орынға Ақмола мен Батыс Қазақстан, үшінші орында Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының спортшылары тұрақтады. Сонымен қатар, жеке сынақ бойынша да сайыс жүлдегерлері
анықталды. Жеңімапаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, мақтау қағаздарымен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде