USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейде балықты тоқпен қырып аулаған браконьерлер ұсталды

Семейде балықты тоқпен қырып аулаған браконьерлер ұсталды


Балықты токпен қырған Көксерке мен табан балықты электр тогы арқылы аулаған браконьерлер қолға түсті. Олар заңсыз жолмен 30 келідей балықты олжалап үлгерген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Балық инспекторлары оларды түн мезгілінде, қылмыс үстінде құрықтады. Қылмыстарын мойын дағылары келмей тулаған браконьерлердің бірі Ертіс жағалауында серуендеп жүр едім десе, бірі балықты жаңа ғана біреу маған лақтырып қашып кетті деп сылтауратқан. Олар енді үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Инспекцияның жетекшісі Нұрлыбек Қожахметтің айтуынша, браконьерлер балықпен қоса, 50-60 келідей түрлі су жәндіктерін токпен қырып тастаған.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде