USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ресейдің Сыртқы істер министрі облыс әкіміне ризашылығын білдірді

Ресейдің Сыртқы істер министрі облыс әкіміне ризашылығын білдірді


Қазақстанға жасаған іссапарына қатысты Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атына жолдаған Алғыс хатында Сергей Лавров облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мырзаға жеке ризашылығымды жеткізуіңізді сұраймын. Оның көңіл бөлуі арқасында облыспен және оның әкімшілік орталығы

– Өскемен шаһарымен танысуым айрықша танымды әрі пайдалы болды, бұл сапарым біздердің көршілес өңірлер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және рухани ынтымақтастықтың ары қарайғы зор әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті, – делінген ресми хатта.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы 6-тамызда Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аясында Сергей Лавров Өскеменде болып, бірқатар өндірістік және мәдени нысандармен жіті танысқан болатын. Сонымен қатар, облыс орталығында Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің кездесуі ұйымдастырылып, оның барысында сауда-экономикалық сала мәселелері талқыға салынды, еуразиялық интеграция үрдісінің келешегі сөз болды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде