USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бородулихалық балалар халықаралық слетке қатысты

Бородулихалық балалар халықаралық слетке қатысты


Белағаштық балалар үшін биылғы жаздың ең қызықты сәттері Ақмола облысының Бурабай шипажайында өткен ІІІ Еуразиялық «Джабори» слетіне қатысуы болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұрынғы кеңестік кезеңдегі пионер ұйымының бір баламасы ретінде елімізде скаут қозғалысы белең алып, оған облы-сымыздың балалары мен жасөспірімдері де қатысып келеді. Халықаралық скауттық қозғалыстың «Джабори» слеті төрт жылда бір өткізіліп тұрады. Осы жолғы өтуіне ТМД елдері бойынша Бурабай шипажайы таңдалынып алынуы тегін емес. Ең көрікті жерде өткен мұндай слеттің оған қатысушылардың көңілін жадыратары анық. Осында жиналған 700-ден астам скаутшының ішінде белағаштық 20 делегат бала «Жайлау» кіші лагеріне орналасып, үш күндік іс-шараға бастан аяқ қатысты. Осы слеттің әр күні жас бүлдіршіндер үшін өте қызықты өтті. Бірінші күні әр команда «Экстрим» алаңқайында спорттық бағдар-ламалардан бақ сынаса, келесі күні «Арт» алаңқайында шығармашылық сайыстарға қатысып, шырайлы Шығыстың бір пұшпа-ғы Белағаш өңірін жиналған жұртқа таныс-тырды, әрі түрлі шеберлік сыныптарында білімдерін шыңдады. Соңғы күнгі «Эко» алаңқайында өткен бәсеке қазақтың ұлт-
тық ойындарына арналып, алыс-жақын шетелдерден келген балалар алаш мәде-ниетінің тұнығынан сусындай алды.
Ойыннан соң барша қатысушылар Көке шыңдарына экотуризм жасады. Осылайша аудан балалары алғаш рет халықаралық слетке қатысып, өз тұстастарынан біраз дүние үйреніп, көңілдеріне тоқып оралды.

Серік Әбілқасымұлы
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде