USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?


Еліміздің өңірлер арасында ең жоғары жалақы мөлшері Маңғыстау облысында тіркеліпті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Комитет төрағасының сөзіне сенсек, биылғы маусым айында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 124 мың 780 теңгені құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстарғанда 13,5 пайызға жоғары көрінеді.

– Астанада орташа жалақы 182 мың теңгені құраса, Алматыда оның мөлшері 156-158 мың теңгеге парапар келеді. Ал ең жоғары жалақы мөлшері Маңғыстау облысына тиесілі, мұндағы көрсеткіш 222 мың теңгені құрайды. Маңғыстаудан сәл артта 221 мың теңгелік көрсеткішпен Атырау облысы келеді, – дейді Ә.Смайылов.

Ал тұрғындары төмен жалақы алатын облыстарға келсек, олардың қатарына Солтүстік Қазақстан (85 мың теңге), Қостанай (92 мың
теңге), Алматы (94 мың теңге) және Жамбыл (85 мың теңге) облыстарын қосуға болады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. жай қазақ
    Өтіріктеріңе береке берсін суайт шенеуіктер. Ұрлығы заңды шенділер. Тоймайтын қоңды шекпені сыймай қалған жонды шенділер.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде