USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде заманауи электр стансасы тұрғызылады

Өскеменде заманауи электр стансасы тұрғызылады


Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов пен британдық «PowerWood LTD» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Давид Петерс энергияның жаңартылған көздерін пайдалану арқылы электр қуатын өндіру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш меморандум аясында шетелдік компания облыс орталығын-да энергия мен биомассалардың жаңартылған көздері негізінде жұмыс істейтін электр стансасын салу жобасын әзірлейтін болады.

Өз кезегінде қалалық әкімдік станцияға жер телімін бөліп, нысанның құрылысына қажетті жағдайды жасау бойынша шараларды қолға алады.

– Бізде жел электр стансалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға қатысты тәжірибе бар, дегенмен, сіздердікі сияқты жоба Өскеменде болып көрген емес. Қала әкімдігі сіздерге қажетті жер телімін бөліп беруге әзір, – деді Темірбек Қасымжанов.

Өз кезегінде Давид Петерс мырза «PowerWood LTD» компаниясы үшін аталған жобаның маңыздылығы ерекше зор екенін атап өтіп, жобаны жүзеге асыру уақытын ұзаққа созбауға уәде берді.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде