USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Конституция күнінде қанша күн демаламыз?

Конституция күнінде қанша күн демаламыз?


Алдағы келе жатқан айтулы күн - Ата Заңымыздың мерекесінде қазақстандықтарды әдеттегідей үш күн демалыс күтіп тұр.
Биылғы мереке – 30 тамыз, яғни, сенбі күніне келіп тұр екен. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер сенбі күніне келген мерекені дүйсенбіге ауыстыра отырып, үш күн демалатын болады.

Еліміздің «Мерекелер туралы» Заңының 5-бабында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады».

Ал дүйсенбіге сәйкес келетін 1-қыркүйек – Білім күні әдеттегідей еш өзгеріссіз қала бермек. Барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар барлық жерлерде өтетін болады.


Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде