USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейге бірқазандар қайдан келді?

Семейге бірқазандар қайдан келді?


Ертіс үстіндегі аспалы көпірге бірқазан деп аталатын бірнеше жүздеген құстардың жапырлай қонып жатқанын көрген қала тұрғындарының таңданысында шек болмады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зоология саласының маманы Виктор Хромовтың айтуынша, бұл кәдімгі үлкен бірқазан тұқымына жатады. Бұл құстар бұрындары Бұқтырма мен Зайсан өңірінде болған. Шүлбі су қоймасынан бірлі-екілі кезігіп қалған кездері де бар. Ал Семейге топ болып келуі бірінші рет. Маманның пікірінше, бірқазан балығы мол жерге қонақтағанды жақсы көреді. Бір құсқа күніне екі елі балық қажет екен. Олар балыққа тойып алған соң жағалауда күн астында қыздырынып жатқанды ұнатады. Себебі, бірқазандар суда жөнді жүзе алмайды. Бүгінде біздің облыста шамамен бірнеше мыңдаған бірқазандар бар екен. Олар жыл сайын көбейіп барады. Жейтіндері ұсақ
балық, ірісіне қызықпайды. Бірқазандар адамдардан қорықпайды, себебі, олар өздерін ауламайтындығын біледі. Сондықтан да бұл қонақ құстар бүгінде адам көп жүретін Семейдің орталық тұсындағы Ертіске мықтап орналасып алған.

Раушан Нұғманбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде