USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шағын отбасылық жатақхана қолданысқа беріледі

Шағын отбасылық жатақхана қолданысқа беріледі

Семей қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша салынған жобалық құны 245 млн. теңгені құрайтын 60 пәтерлі шағын отбасылық жатақхана қолданысқа беріледі. Онда 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар тұрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Жатақхананың барлық пәтерлері бір бөлмелі болғанмен, аудан көлемі әртүрлі. Әр пәтердің жуынатын, ас ішетін бөлмелері, әжетханасы жеке орналасқан. Орталықтандырылған су және жылу жүйесіне қосылған. Пәтердің саны 60, бағдарламаға қатысушылар - 75. Олардың ішінде бірге тұруды қалаған балалар үйінің өкілдері де бар. Бұл жастарға ақшаларын үнемдеуге мүмкіндік береді, - дейді Семей қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілі Абай Мүсәпіров.

Болашақ тұрғындардың ай сайын төлейтін жалдау ақысы ауданына қарай 2-3 мың теңгенің үстіне шығады. Оған қоса коммуналдық төлемдері бар.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде