USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстан парашютшылары үздік ондықтың қатарына кірді

Шығыс Қазақстан парашютшылары үздік ондықтың қатарына кірді

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері классикалық парашют спорты бойынша өткен ҚР Қарулы Күштерінің 23-ші чемпионатына қатысып қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алматы қаласының маңында өткізілген жарыс бірнеше күнге созылып, оның нәтижесінде ШҚО өртке қарсы қызметтің полковнигі Дмитрий Гуменчук спорт шебері кандидатына қажетті нормативтерді орындады. Чемпионатқа барлығы 10 команда, 40-тан астам адам қатысқанын айта кеткен жөн.

- Парашютпен секірулерді Ми-8 және Ми-17 тікұшақтарынан 1200 бен 2200 метр биіктіктен орындадық. Орташа алғанда жарыс кезінде әрбір қатысушы 11-ден 16-ға дейін секірулер жасады, - деген облыстық департамент командасының капитаны Александр Власенко біздің жігіттер ерекше көзге түскенін айтып, әсіресе, Дмитрий Гуменчук пен Дарын Ысқақовтың өнерлерін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде