USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттер мен оқушылар жұмыспен қамтылды

Студенттер мен оқушылар жұмыспен қамтылды

ШҚО Аягөз ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Аудан орталығының санитарлық тазалығы, абаттандылыруы, көгалдандырылуы бойынша қалалық әкімшілік өкілдерімен бірге бірсыпыра жұмыстар атқарылды.

«Жасыл ел» сарбаздарының жас шамасы 16 мен 29 жастың аралығында. Бүгінде олар қаланы тазарту, гүлдерді суарып-баптау, ағаштарды әктеу сияқты жұмыстарды орындап жүр. Еңбек жасағына да қатардағы жұмыскерлер тәрізді 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген. Олардың алатын орташа айлық еңбекақысы 35 мың теңгені құрайды. Бұл соманың 15 600 теңгесін - «Жасыл ел» штабы бөлсе, қалған - 19 966 теңгесі Аягөз қаласының жергілікті бюджетінен төленеді.

«Жасыл елге» қатысушылардың дені әлеуметтік жағынан аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан жастар, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектептердің жоғары сынып оқушылары. Мамандардың пікірінше, жастардың жаз бойы тапқан табысы олардың ата-аналарына отбасылық бюджеттерін толтыруға бірталай сеп болмақ.

Жергілікті билік аталмыш бастамасының Аягөз қаласында келесі жылы да жалғасын табатынына сенімді. Себебі, бағдарламаның арқасында бірнеше мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік туып отыр. Мәселен, атап айтар болсақ жастарды еңбекке баулу арқылы тұлға ретінде қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру, аз қамтылған отбасылардың балаларын жұмыспен қамту және тағы басқалар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жасыл ел
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде