USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей тұрғыны Голливудта жеңімпаз атанды

Семей тұрғыны Голливудта жеңімпаз атанды

Семейлік 14 жастағы Ванесса Безродная Американың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық өнер чемпионатында поп және рок-вокал аталымы бойынша абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған чемпионатта әлемнің 42 елінің 7 мен 45 жас аралығындағы артистері өнер көрсеткен-ді.

Сөйтіп, аталған бәсекенің финалына ілініп, вокал және модельді бизнес бойынша дарынын байқатқан Ванесса елімізге төрт алтын және күміс, сондай-ақ, бір қола медальмен және бірнеше продюсердің ұсыныстарымен оралды.

Оның анасы Ирина Безроднаяның айтуынша, Ванесса бұған дейін «Новая волна» байқауында финалист болса, «Ев-ровидениенің музыкалы академиясы» жобасына қатысқан болатын.

- Мен чемпионатта екі санат бойынша финалист болдым, - дейді Ванесса. - Төрт алтын медальдің біреуіне финалға шыққаным үшін, екіншісіне поп-ән, үшіншісіне рок-ән, ал соңғысына ұлттық ән орындағаным үшін ие болдым. Әсіресе, жюри мүшелеріне менің ұлттық әнім ерекше ұнады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде