USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бес инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

Бес инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Бородулиха, Шемонайха және Абай аудандарында жалпы сомасы 837 миллион теңге болатын бес инфрақұрылымдық жоба қолға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алмат Арсламбаевтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау мақсатында 2012-2013 жылдары жетіспей тұрған инженерлік инфрақұрылымдарды тарту бойынша жалпы құны 2,1 миллиард теңге болатын 9 жоба іске асырылған.

- Қазіргі кезде барлық жобалар мемлекеттік қабылдау комиссиясы арқылы іске қосылып, әрекет етіп жатыр, - дейді ол. Биыл бағдарлама жалғасын тапты, жалпы сомасы 837 миллион теңгеден асатын 5 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру басталды. Көкпекті, Бородулиха, Шемонайха аудандарында бір-бірден, Абай ауданында 2 жоба қолға алынған.

Мұнымен қоса, Өскеменнің өндірістік ауданында бірнеше ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, онда жылына 120 мың автокөлік құрастыратын автозауыттың және автобөлшектер шығаратын технопарктің («Азия Авто Қазақстан» АҚ), баламалы энергетика саласындағы зауыттың («Қазақстан Солар Силикон» ЖШС), титан құймаларын өндіретін зауыттың («Өскемен ТМК» АҚ) құрылыстары жүріп жатыр. Маңызды мәселелердің бірі - аталған өндіріс орындарын инженерлік инфрақұрыммен, бірінші кезекте, темір жолмен қамту.

Атап өтерлік жайт, келешекте осы аумаққа мемлекет қаржысы есебінен электр, су, канализация, жылу желілерін тарту, автокөлік трассасын, темір жолдарды салу көзделуде.

Мемлекеттік бағдарлама аясында келер жылы басқарма құны шамамен 3 миллиард теңге болатын тағы бес жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, бүгінгі таңда олардың барлық техникалық құжаттары әзір.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде