USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Теміржолшылар мерекесі аталып өтті

Теміржолшылар мерекесі аталып өтті

Тоғыз жолдың торабындағы Аягөз қаласында теміржолшылар күні мерекесі өз деңгейінде аталып өтті. Қаланың орталық алаңында тойланған салтанатты шараға Астанадан құрметті қонақтар қатысты.

Алдымен сөз тізгінін алған аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Бозтаев ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып, байлығын еселеуде айырықша еңбектеніп жүрген теміржолшыларды, осы саланың еңбек ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс, жанұяларына бақыт тіледі.

Сонымен қатар жиында өзінің жүрекжарды лебізін Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Нұртай Сабильянов та жолдады.
Құттықтау-тілектерден кейін бірқатар озат теміржолшыларға аудан әкімінің грамоталары мен Алғыс хаттары, «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Асқар Маминнің Құрмет грамоталары, «Қазақстан теміржолына – 110 жыл» мерекелік төсбелгілері салтанатты жағдайда табыс етілді.

Жиналған көпшілікті Аягөз станциясының басшысы Е.Тойкенов, теміржол торабы ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Акишев та құттықтады.

Айтулы мереке арнайы әзірленген концерттік бағдарламамен және теміржол кәсіпорындары арасындағы спорттық жарыстармен жалғасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде