USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

12 көпқабатты үйдің құрылысы Өскеменде биыл аяқталады

12 көпқабатты үйдің құрылысы Өскеменде биыл аяқталады

Биыл Өскемен қаласында мемлекеттік бағдарламамен ауданы 107 мың шаршы метрді құрайтын 12 көпқабатты тұрғын үй жоспарға сәйкес қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған қоса бүгінгі күні қалада құрылысы жүріп жатқан және кеңейту жұмыстары қолға алынған 145 нысан бар. Олардың ішінде 8-і ірі сауда үйі болса, үшеуі қонақүй және біреуі «Юбилейный» кинотеатрына жапсарлас салынып жатқан ғимарат.

Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Ысқақовтың айтуынша, барлық меншік иелері есебінен осыған дейін 26,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Биылғы төртінші тоқсанда алғашқы лекпен 72 пәтердің кілттері табыс етілсе, жыл соңына дейін оннан артық көпқабатты үйге тұрғындар қоныстанатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде