USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Тальго» пойыздары Өскеменнен Алматы мен Астанаға жүреді

«Тальго» пойыздары Өскеменнен Алматы мен Астанаға жүреді

Өскеменнен Алматы мен Астанаға жолаушылар тасымалдайтын жоғары жылдамдықтағы «Тальго» пойыздары қызмет көрсететін күн алыс емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, биыл Шығыс Қазақстан облысының орталығынан жүрдек пойыздар Астана және Алматы қалаларына жүретіні жайлы ақпарат таралған болатын. Енді, міне, «Тальго» атты «желден жүйрік» теміржол көлігі «Защита» бекетінен екі бағытқа алдағы қазан-қараша айларынан бастап жолға шығады деп жоспарлануда.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарайтын Защита теміржол филиалының бас инженері Рахат Ботаспаевтың айтуынша, жүрдек пойыздың іске қосылуымен аталған бағыттардағы жол жүру ұзақтығы екі есеге қысқаратын болады. Айталық, қазір қарапайым пойыздар адамдарды «Защитадан» Алматыға бір тәулікте жеткізсе, енді ол жарты тәулікке қысқарады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде