USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мүгедек кәсiпкерлер қайырымдылық қорларының грантына ие болды

Мүгедек кәсiпкерлер қайырымдылық қорларының грантына ие болды

«Жұлдыздарға қараймыз» деп аталған байқауға қатысқан Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі үш адамы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау және «Құс жолы» қайырымдылық қорларының грантына ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жалпы, бұл байқауға біздің өңірден тоғыз үміткердің жобасы ұсынылған-ды. Соның ішінде жеке бизнесін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылай емес қолдау мүгедектігі бар семейлік үш тұрғынға көрсетілетін болды. Олар: жеке кәсіппен айналысатын Минтай Мейрамқұлова, Айым Мажакеева және Абылайхан Асылбай.

Биыл қос қордың гранттық көмегі жеңімпаздарға қаражаттай емес, қажетті құрылғылар мен тауарлар түрінде беріледі. Айталық, М.Мейрамқұлова мен осы байқаудың ең жас қатысушысы А.Мажакеева өздерінің сүйікті кәсіптеріне қарай қазіргі заманға сай екі тігін мәшинесіне қол жеткізсе, белгілі зергер А.Асылбайға әртүрлі жұмыстарды істеуге мүмкіндік беретін электр құралы табыс етілді.

- Қордан берілген бұл заттар мүгедек жандардың кәсібін кеңейтуіне, тапсырыс берушілер қатарын көбейтуге, қосымша жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді деп ойлаймын, - дейді «Даму» қорының өкілі Анжела Маслова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мүгедек
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде