USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменнің су құбырлары жаңартылып жатыр

Өскеменнің су құбырлары жаңартылып жатыр

Биыл Өскемен қаласының бірнеше ықшамауданында сумен қамту жүйесін салу және қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, Защита, Опытное поле, САК (КСМ), Бабкина мельница аудандарында ауызсудың сапасын арттыру мақсатында тозы-ғы жеткен құбырларды жаңарту жұмыстары қолға алынбақ.

Самар тас жолы бойымен солтүстік магистральдан Жібек жолы көшесіне дейін шеңбер жасалады. Бұған қазынадан 116 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Құрылысты шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Бүгінде Красин кенті, Әуежай және САК өздерінің кезектерін күтумен болса, Зашита, Жаңа Троицк, Шмелев аудандары мен Октябрь тоғанында сумен қамту құбырларын жаңалау бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде