USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ара ұяларын жасайтын цех ашылды

Ара ұяларын жасайтын цех ашылды

ШҚО Катонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы «Восход» шаруа қожалығында бос ара ұяларын жасайтын цех ашылды. Ауданның омарташылары бұған дейін ұяларды Зырян қаласы және басқа жақтардан сатып ауға мәжбүр болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қожалық басшысы В.Самсоновтың айтуынша, құны жеті миллион теңгені құрайтын украиндық «АИВ-50» агрегатын ұлы екеуі арнайы нұсқауға сәйкес құрастырыпты.

Әрбір жаңа істің қиындықтармен келетіні сөзсіз. Жоғары сапалы дайын өнімге қол жеткізу үшін, оңтайлы техникалық, технологиялық өлшемдер жасап шығарумен қатар, жұмсалатын материалдың үнемделуін де ескеруіміз керек. Қазір айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік, әріптес-омарташылардан тапсырыс алуға дайынбыз, - дейді В.Самсонов.

Цехтың тұсаукесеріне омарташылар, ауыл тұрғындары көп жиналды. Бал Катонқарағай ауданының брендінің бірі болғандықтан, омарташыларға аса қажет дүниелердің ауданда жасалуы олардың жұмысын әжептәуір жеңілдетпек. Қазірдің өзінде ауданда-ғы омарта шаруашылықтары шаруа қожалығына тапсырыс беріп жатыр.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ара шарушылығы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде