USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Нагасаки мэрі көрмеге атсалысуды өтінді

Нагасаки мэрі көрмеге атсалысуды өтінді

Биыл «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы мерейтой қарсаңында Семейге жапон елінен арнайы делегация келді. Делегация құрамында Нагасаки қаласындағы Ұлттық мемориалдық бейбітшілік кешені директорының орынбасары Юко Тахата, осы кешеннің жобалық көмекшісі Нагико Ёкояма, JICA-Халықаралық жапон агенттігінің өкілі Митома Эйтаро бар.

Күншығыс елінен келген меймандар ең алдымен қаланың тарихи-мәдени орындарымен танысты. Қалалық әкімдікте өткен жылы жүздесу барысында Нагасаки қаласындағы Ұлттық мемориалдық бейбітшілік кешені директорының орынбасары Юко Тахата ханым Нагасаки мэрінің хатын оқып берді. Жапон қаласының мэрі өз хатында Семейде өтетін Хиросима, Нагасаки қалаларындағы атом бомбасының құрбандарына арналған көрмеге белсене қатысуды өтініпті. Сондай-ақ, Юко ханым семейліктерді мэрдің атынан Астана қаласында өтетін көрменің ашылу салтанатына да шақырды. Аталған көрмеде атом бомбасынан зардап шеккен Хиросима, Нагасаки қалаларының 1945 жылғы көріністері фото, бейнебаяндар арқылы көрсетілмек.

- Жапондық бауырларымыз сұрап отырғандықтан да, біз бұл шараға атсалысуымыз керек, олар өздерінде орын алған атом зардабын қазақстандықтарға тереңінен таныстырғысы келеді. Осындай шаралар облысымызда да алдағы уақытта жалғасын табатын болады, - деген «Невада-Семей» қозғалысы-ның вице-президенті Сұлтан Картоев қаладағы облыстық өлкетану мұражайында «Полигон: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыппен маз-мұнды көрме ұйымдастырылғанын, «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі болған марқұм Мүтан Аймақов тұрған үйге ескерткіш тақта да орнатылғанын тілге тиек етті.

Қозғалыс мүшелерінің барлығы да атом апатына қарсы тұра білген ондай жандардың ешқайсысының есімі ұмытылмауы тиіс деп санайды.

Бұдан соң жапондық меймандар қаладағы «Өлімнен де күшті» монументінде болып, гүл шоқтарын қойды. Диагностикалық орталыққа да атбасын тіреп, Жапон-Қазақстан достығына арналған мұражаймен танысты. Мұражайдың біршама заттары жапондық ерікті Масахико Такагиге арналыпты. Ол өмірін бейбіт өмір үшін күресуге арнаған еді.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде