USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қасым Қайсенов кентінде мемориалдық кешен салынады

Қасым Қайсенов кентінде мемориалдық кешен салынады

ШҚО Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Ұлы Отан және ауған соғыстарында қаза болған жауынгерлерге арналған мемориалдық кешеннің іргетасын қалау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш ескерткіш «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында, осы өңірдің тумасы, ауданның Құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Қайрат Мусиннің қолдауымен бой көтеретін болады.

Кент тұрғындары мен ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан салтанатты жиынға Халық Қаһарманы, Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев арнайы шақырылып, мемориалдық кешеннің алғашқы іргетасын қалау құрметіне ие болды.

Аудан үшін айтулы шара болған салтанатқа жиналғандарды Қасым Қайсенов кентінің әкімі Думанай Мусин құттықтап, оларды кентті көркейтіп, әрдайым тазалық сақтауға, сөйтіп, онда жүзеге асатын игі шараларға белсене атсалысуға шақырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде