USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа мүсіндік композиция орнатылады

Жаңа мүсіндік композиция орнатылады

Өскемен қаласы әкімдігі, «Құс Жолы» қайырымдылық қоғамдық қоры мен «Казкоммерцбанк» АҚ облыстық филиалы арасында әлеуметтік серіктестік жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Меморандум шарттары бойынша «Менің қалам үшін» атты әлеуметтік бағыттағы жоба жүзеге асырылады. Жоба аясында Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорығында «Халықтар достығы - баға жетпес байлық» атты ескерткіш композициясы бой көтереді. Мүсіндік композицияны қала күні қарсаңында ашу жоспарланған.

Бұл аталмыш ұйымдармен қалалық әкімдіктің әлеуметтік серіктестігі аясында жүзеге асырылып отырған алғашқы жобасы емес. Осыған дейін, яғни, 2011 жылы балаларды қорғау күні қарсаңында Жамбыл саябағында балаларға арналған ойын алаңы ашылған болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде