USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда 12 мектеп жабылды

Шығыс Қазақстанда 12 мектеп жабылды

Өткен оқу жылында Шығыс Қазақстан облысында 12 мектеп жабылған Бұл туралы ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, білім ошақтарының жұмысын тоқтатуына бірнеше себеп болған. Бірінші кезекте, балалар санының аздығы. Мәселен, осындай себеппен жабылған 10 мектепте барлығы 60 оқушы ғана болыпты. Енді олардың елуі интернатта тұрып оқыса, қалғандарын көрші ауылдарға автобуспен жеткізу ұйымдастырылған.

Риддер қаласындағы №7 мектептің сумен қамтамасыз ету және жылыту жүйелері талаптарға сәйкес келмеуінен қызметі тоқтатылған. Онда білім алатын 114 оқушы №3 және №5 қалалық білім мекемелеріне ауыстырылды. Оларды автобуспен тасымалдау қарастырылған.

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде білім ұясын оңтайландыру нәтижесінде 115 оқушы осы елді мекендегі жаңа мектепке ауыстырылған.

Аталған басқарманың дерегіне сенсек, келесі оқу жылында облыстағы мектептерді қайта құру жүргізілмейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде