USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ит пен мысыққа қатысты ереже бекітілді

Ит пен мысыққа қатысты ереже бекітілді

Бұдан былай елді мекендерде иесіз қаңғып жүрген ит пен мысықты көрмейтін боламыз. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ит пен мысықты ұстаудың және серуендетудің нақты ережесін бекітті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы ережеге сәйкес үй жануарларын көпқабатты тұрғын үйлерде ұстау үшін, онда тұратын кәмелеттік жасқа толған азаматтардың жазбаша келісімін алуы тиіс, ал жалпыға ортақ - подъезд, баспалдақ, жедел саты, шатыр, жертөле, аула сияқты жерлерде ұстауға мүлдем тыйым салынған.

Сондай-ақ, жануарлардың иелеріне қоғамдық тыныштықты сақтау, яғни, айналасындағыларға жайсыздық туғызбау, санитарлық тазалықты сақтау, басқа адамдарға иттің шабуыл жасауын болдырмау талап етіледі. Қоғамдық орындарда қарғыбаусыз және тұмсыққапсыз, қасында ешкім еріп жүрмеген (иесі әдейі байлап кетпеген болса) иттер бақылаусыз саналады.

Жеке секторда иттерді тек байлаулы және қоршаудың ішкі жағында ғана ұстауға рұқсат етіледі. Ал қашаның сыртында тиісті жазуы бар ескертпе тақтайша болуы керек. Бұған қоса, үй жануарларын етін өңдеу немесе терісін пайдалану үшін бағуға қатаң тыйым салынады. Аталған ереже сол секілді иттерді төбелестіру сияқты шараларды ұйымдастырудың да жолын кесіп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде