USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қызыл кітапқа енген аққуларды атқан

Қызыл кітапқа енген аққуларды атқан

ШҚО Зырян ауданының Малеевка ауылына жақын маңдағы өзенде белгісіз біреу Қызыл кітапқа енгізілген екі бірдей аққу-қиқылдақты атып өлтірді. Бұл жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, бірақ күдікті әзірге анықталған жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы ауылда бұрыннан тұратын көнекөз қариялардың айтуынша, Малеевка маңына аққулардың биыл тұңғыш келуі. Олар елді мекен іргесіндегі Бұқтырма өзенінің бір саласына тұрақтаған көрінеді. Қасиетті құстар өздерін қауіпсіз ортада сезініп, адамдардан да соншалық үрікпеген. Алайда, олардың бұл бақыты ұзаққа созылмағанға ұқсайды. Белгісіз біреу тапа-тал түсте суық қаруын кезеніп, суда жүзіп жүрген «сұлулардың» бірін сұлатып салған. Қатты шыққан дыбыстан үріккен аққулардың бірі дереу аспанға ұша жөнеледі де, көп ұзамай ажал құшқан екіншісінің қасына қайта оралған екен. Міне, осы кезде қандықол қарақшының мылтығы тағы да атылып, оны да қанға бөктіреді.

Бұл оқиға туралы жергілікті тұрғындар шұғыл түрде ішкі істер органына хабарлайды. Жедел жеткен тәртіп сақшылары аққулардың өлі денелерін тауып алып, қылмыстық іс қозғады. Зырян қалалық-аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімінің бастығы Абзал Бекбауовтың айтуынша, оқ атқан адам қазір іздестіріліп жатыр. Күдікті қолға түсетін болса, оны үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу және мүліктерін тәркілеу жазасы күтіп тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Секс
    Өте жаман мен мыңда ештене түсінгем жоқпын және сендерге оны жазуға бермеймін!!!!
Біз әлеуметтік желілерде