USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зиянкестермен күрес күшейтілді

Зиянкестермен күрес күшейтілді

Егіс алқаптарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін шалғын шатырқанатының жұлдызқұрттарымен күресу үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі 51 млн. теңге қаражат бөлді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Тендер өткізілді, препараттар сатып алынды. Өсімдіктерді құртатын шалғын шатырқанаты жұлдыз-құрттары мекендейтін аумақтарды зерттеу нәтижелеріне орай өңдеу басталды. Айталық, Ұлан ауданында «Феникс» фирмасы алқаптарды «Каратэ-500» препаратымен өңдеуде. Айта кету керек, шалғын шатырқанатының көбеюі Шығыс Қазақстанда 2010 жылы байқалған, - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы жетекшісі Асқар Жақыпбаев.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай шаралар Шемонайха, Глубокое сияқты өңіріміздің өзге де аудандарында қызу қолға алынған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде