USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Салық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Салық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

9 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салық саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық салық департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, осы саладағы жетістіктерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, ШҚО салық қызметі органдары бюджетке төленетін салық пен міндетті салық төлемдерінің уақтылы және толық түсуі үшін қажымай еңбек етуде. Бұл, әрине, аймақтың маңызды әлеуметтік-экономикалық кешенді мәселелерін шешуге ықпал етеді. Бір қуанарлығы, жыл сайын бюджетке түсетін салық көлемі артып келеді. Биылғы жарты жылдықта мемлекеттік бюджетке 79,2 млрд. теңге көлемінде салық түскен.

Салық саласы қызметінің еліміздің дамуындағы маңызын өз сөзінде ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев ерекше атап көрсетті.

- Қай заманда болса да, салық деген болған. Біз оны тарихтан жақсы білеміз. Жалпы, мынау жұмыс істейтін халықтың дер кезінде жалақы, жәрдемақыларын уақтылы алуы ең алдымен экономикаға, содан кейін сіздерге байланысты. Соңғы он жыл көлемінде елімізде жалақы, зейнетақы, жәрдемақы бойынша қарыз жоқ. Бұл - әсіресе, өздеріңіздің еңбектеріңіздің нәтижесі. Жылдан-жылға салықтың көлемі де артып келе жатыр. Біздің облыс индустриялды-аграрлы өңір болғаннан кейін салықтың көбеюі заңды. Шынын айту керек, салық төлемейтін заңды, жеке тұлғалар да жетерлік. Сондықтан да біз бюджетке түспеген салықтың орнын толтырып, қосымша көздерін қарастыруға тиіспіз. Қазіргі таңда дүниежүзінде дағдарыс әлі де бар. Әсіресе, біздің облыс өндіретін түсті металдардан түсетін салық мөлшерінің азаюына жол бермеуіміз керек. Осы айдан бастап түсті металдарға сұраныс артты. Соған сәйкес баға да жоғарылап, қазынаға түсетін салық көлемі де ұлғаюы тиіс. Ол үшін сіздер басқа да басқармалармен, департаменттермен тізе қосып, бірлесе жұмыс істеулеріңіз керек. Сіздердің жұмыстарыңыздың оңай емес екенін мен жақсы білемін. Шамамыз келгенше қолдау көрсетуге тырысамыз. Атқарып жатқан жұ-мыстарыңызға облыс басшылығы атынан алғыс айтамын. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Ең бас-тысы, еліміздің экономикасының артуына, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына үлкен үлес қоса беріңіздер! - деген облыс әкімі салық саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар тапсырды.

«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісін үш адам кеудесіне қадаса, Қаржы министрлігінің құрмет грамотасымен екі адам марапатталды. Сондай-ақ, тағы да басқа қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамотасы, облыстық мәслихат хатшысының құрмет грамотасы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық департаментінің алғыс хаты, облыстық салық департаментінің алғыс хаттары табыс етілді.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: салық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде