USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді

Мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді

ШҚО Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен орталық мешітте Рамазан айы аясында ауданда жағдайы төмен отбасыларына Қайырымды қоғам акциясы өткізілді.

Мешітке келген жандарға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер үлестірілді. Мұқтаж жандар үшін мұның өзі үлкен көмек. Ислам дінінде садақа беру, жағдайы төмендерге жақсылық жасау - сауапты іс.

Жабырқай келіп, жадырап қайтқан жандар осындай қайырымдылық көмегін көрсетіп, мейірімділік сыйлаған аудан әкімдігіне, жеке кәсіпкерлерге және Аягөз қаласының орталық мешітінің қызметкерлеріне шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде