USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Нұрлан Әбдіров сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның басты мақсатын атады

Нұрлан Әбдіров сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның басты мақсатын атады

Бүгін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобалық таныстырылымында жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия Фракциясының мүшесі Нұрлан Әбдіров жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік жағдайын қалыптастыру керектігін сөз етті.

Оның айтуынша, осы арқылы қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет пен мінез-құлық қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық сананы қалыптастыру, азаматтық бастамалардың дамуына, қоғамдық бірлестіктердің кең ауқымды сұхбаттасуына қажетті жағдай туғызу, қоғамдық бақылауды күшейту басты міндетіміз», - деп атап өтті ол. Яғни, бұл кеселге қарсы білім беру мен тәрбиенің кешенді жүйесін құру, адал еңбек ұғымын қалыптастыру, отбасы институтын белсенді түрде тарта отырып, қанағатшылдық бағытындағы дәстүрлі халықтық құндылықтарды нығайту көзделуде.

Бұл орайда, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осындай маңызды құжат бойынша ашық пікір алмасудың бастаманы нәтижелі етіп, елді бірлікке, ынтымаққа жетелейтінін айрықша атады.

«Алдымызда интернет желісінде жалғасын табатын талқылар, тәуелсіз сараптау, партия филиалдарының, бастауыш ұйымдардың отырыстары бар. Жоспар бойынша күзде құжаттың жетілдірілген мәтіні партияның саяси Кеңесінде қаралатын болады. Құжаттың мәтіні бүгіннен бастап партия сайтында жарияланып, ертең «Айқын» мен «Литер» газеттерінде басылатын болады. Пікір айтып, ұсыныс берем деушілер арнайы электрондық адрестерге хабарласа алады», - деп атап өтті саясаткер.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде