USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Коммуналдық кәсіпорын жаңа техникамен толықты

Коммуналдық кәсіпорын жаңа техникамен толықты

Зырян қаласындағы «Суарнасы» коммуналдық кәсіпорыны жаңа техникалармен толықты. Екі бірдей экскаватор-тиегіш тракторының кілті салтанатты жағдайда кәсіпорын қызметкерлеріне табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құны 6,5 млн. теңге тұратын бір тракторды коммуналдық мекеме өзінің қаражатына сатып алса, гидробалғамен жабдықталған екінші экскаватор-тиегішті алуға «Қазцинк» компаниясы меморандум аясында 8 млн. теңге ақша бөлген.

- Биыл біз 15 шақырым қашықтықта жаңа желі тартуымыз керек. Осы және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуде жаңа техникалардың көмегі зор. Оның үстіне бір тракторымыз гидробалғамен жабдықталған. Бұл қыстыгүні жердің тоңын қиналмай қопаруға мүмкіндік туғызады. Мәселен, өткен қыста сумен қамту жүйесінде 145 апаттық жағдай болды. Апаттарды жою кезінде уақыттың 90 пайызын тоңды алуға жұмсадық. Енді бұл біраз жеңілдейді, - дейді «Суарнасы» кәсіпорынының директоры И.Оконешников.

Айта кетейік, Беларусьте өндірілген техникалардың экскаваторлық жабдықтары Павлодарда жасалып, құрастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде