USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кітапхана ісіндегі өзекті мәселелер қаузалды

Кітапхана ісіндегі өзекті мәселелер қаузалды

Өскемен қаласы А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматыдағы ұлттық кітапхана директоры Әлібек Асқаров облыстық, қалалық-аудандық және мектептер мен жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында отандық кітапханалардың дамуы, заман ағымы талап ететін жаңашылдыққа ілесу, ақпараттандыру жағдайындағы қиындықтар жайында сөз өрбіп, Әлібек Асқаров «Бүгінгі қазақстандық кітапханалар» атты баяндама жасады.

- Әлемдік стандарттарға жақындау - уақыт талабы. Бұл үдерісте бай кітап қоры мен мерзімді басылымдары және деректі базасы бар кітапханалар жетекші рөл атқарады. Ал біздің ауылдық кітапханалардың әлі күнге дейін интернет желісіне қосылуға мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, биылғы жылдың қаңтарындағы дерек бойынша, елдегі кітапханалардың 29,4 пайызы ғана интернет желісіне қосылса, тек жартысына ғана телефон тартылған. Олардың дені компьютермен, басқа да қажетті техникамен қамтамасыз етілмеген. Кітапханалардың бірталайы күрделі жөндеуді талап етеді, қазір 19 кітапхана апаттық жағдайда тұр, - деді ол.

Кездесуде сондай-ақ, кітапханашыларды қайта даярлау мен оқытудың сын көтермейтіндігі, мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінетін 230 грант кітапханашы мамандығына деген сұранысты қанағаттандырмайтыны туралы да сөз болды.

Шара соңында жазушыға кітапханашылар тарапынан оның шығарма-шылығы, аталған салаға келуі турасында көптеген сұрақтар қойылды.

Эльмира Тайырқызы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кітапхана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде