USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Арзан такси Семей қаласында жүреді

Арзан такси Семей қаласында жүреді

Шілдеден бастап екі ай көлемінде Семейде жол жүру ақысы арзан таксилер қызмет көрсететін болады. Бұл қаладағы «Таксомотор паркі» ЖШС ұйымдастырған «Әркімге қолжетімді такси» акциясы аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іс-шараның басталғанын жария еткен мекеме басшылығы. сондай-ақ, өздерінің тұрақты клиенттері арасында жүлделер ойнатылымын жүргізетінін де мәлім етті.

- Бүгінгі күні барлық қызмет түрлері қымбаттап кеткендіктен, біз ретін тауып қызметіміздің бағасын төмендету мақсатында «Әркімге қолжетімді такси» акциясын өткізуге бел будық, - деп түсіндірген «Таксомотор паркі» ЖШС-нің атқарушы директоры Владимир Халин аталған акцияның көлік жүргізушілердің еңбекақысына ешқандай әсер етпейтінін жеткізді.

Оның айтуынша, барлық шығындар кәсіпорынның өз есебінен қарастырылған. Бүгінгі күні таксопаркте үш түрлі қызмет бағасы орнатылған: 300, 400 және 600 теңге. Таксиді 181 нөмірі арқылы шақыруға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде