USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының жеке интернет-сайты ашылды

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының жеке интернет-сайты ашылды

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жеке интернет-сайты іске қосылды. Жаңадан құрылған сайт ақпараттық портал қызметімен бірге «Шығыс үні» партиялық газетінің электронды нұсқасын қатар қамтитын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Порталды жасаған авторлардың бірі М.Устьянцевтің айтуына қарағанда, қолданушылар бұл жерден еліміздегі және облыстағы, сол секілді партия өміріндегі соңғы жаңалықтармен танысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, порталда «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының жаңалықтары, спорт хабарлары, фотогалерея, қоғамдық қабылдау тәрізді бөлімдер бар. Қоғамдық қабылдау бөлімінде адамдар өздерін мазалаған сұрақтарды партия өкілдеріне қоюына болады. Веб-сайтқа golosvostoka.kz адресімен кіре аласыздар.

- Жаңадан ашылып жатқан сайт барлық интернет қолданушылар үшін қолжетімді және мұнда партияның қызметі туралы кең көлемде ақпарат ұсынылған. Меніңше, бұл ақпарат құралы «Нұр Отан» партиясы мен халықты одан әрі жақындастыра түседі. Өйткені ешбір партия қоғамнан бөлек өмір сүре алмайды, - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Нұр Отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Азамат
    Сайт туралы жазсаңыз, оның сілтемесін де көсетуіңізге болар еді...
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде