USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Катонқарағай ұлттық саябағы ЮНЕСКО тізіміне енді

Катонқарағай ұлттық саябағы ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақстанда екі қорық ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енгізілді. Олар - Катонқарағай ұлттық саябағы мен Атыраудағы «Ақ Жайық» табиғи қорығы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған қорықтар халықаралық ұйымның өкілетті комиссиясының шешімімен жер бетіндегі хайуанаттар әлемі мен қоршаған ортаға жағымды әсер ететін биосфералық резервуарлар мәртебесіне ие болды.

Қазіргі уақытта жаһандық желінің қарамағына 119 мемлекеттің 631 ұлттық саябағы топтасқан, оның 14-і трансшекаралық аумақта орналасқан. Солардың бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық саябағы. Қатын тауынан басталып солтүстігінде Оңтүстік Алтайға дейін көсіліп жатқан біздегі ұлттық саябақтың жалпы аумағы миллион гектардан асып жығылады. Ол жерде мыннан астам түрлі өсімдіктер, көпжылдық шөптер мен гүлдер, саңырауқұлақтар өседі. Әлемде сирек кездесетін қар барысынан қасқыр, түлкі, тауешкі, бұлан, қоянға дейінгі көптеген түз тағылары да осында мекендейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде