USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қайым Мұхамедхановты еске алу салтанаты өтті

Қайым Мұхамедхановты еске алу салтанаты өтті

30 маусым күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы мен филология факультетінің ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, абайтанушы, әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы, ақын, драматург, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай ғалымның ескерткіш тақтасы басында еске алу өтті.

Еске алуға ғалымның әріптестері, шәкірттері мен ұрпақтары, көзін көрген ақсақалдар, зиялы қауым шақырылды. Іс-шара барысы Қайым Мұхамедханов жайлы шәкірттері, замандастарының естеліктерімен жалғасты. Олардың арасында Т.Ибрагимов, А.Еспенбетов, М.Сұлтанбековтер Қайымдай қайсар ғалымның өмір жолы бүкіл қазақ ұлтына өнеге екеніне тоқталды. Қайым Мұхамедхановтың шәкірті, ақын Қ.Нұрқасымов Қайым Мұхамедханов жайлы өлеңін оқып тыңдарман қауымды бір серпілтіп тастады.

Ғалымның рухына арналған еске алу салтанаты ешбір жанды бейжай қалдырмады. Өзі кеткенмен рухы өлмес қайсар жанға қандай құрмет көрсетсек те артық етпес.

Ақмарал Смағұлова
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде