USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бұрынғы сынақ полигонының жерлері пайдаланылмақ

Бұрынғы сынақ полигонының жерлері пайдаланылмақ

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Абай ауданының әкімдігімен бірге Семей ядролық сынақ полигонының оңтүстік-шығыс бөлігін (Саржал ауылының маңы) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекеттік органдар мен ауданның қоғам өкілдері, Саржал ауылының тұрғындары қатысқан жиында сынақ алаңының оңтүстік-шығысындағы жүргізілген кешенді экологиялық тексерулер нәтижесі көрсетілді.

- Облыс басшылығы бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап отыр. Тексеру жұмыстары анықтағандай, ядролық сынақ зардаптары барлық жерге бірдей залал келтірмеген. Әрине, жарамсыз телімдер бар, бірақ ядролық полигон аумағының 80 пайызы бүгінде ешқандай шектеусіз ауыл шаруашылығы-на еркін пайдалануға жарамды, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары В.Чернецкий.

Сол сияқты радиологиялық тексерулер қорытындысына сүйенген Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының оқу-ақпараттық орталығы жетекшісі Ю.Стрильчук аталған жер телімдерін мал жайылымына жаратуға болатынын жеткізді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: семей полигоны
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде