USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сүт өңдеуші кәсіпорындарға қаражат бөлінеді

Сүт өңдеуші кәсіпорындарға қаражат бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өңдеуші кәсіпорындарға 467 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінетін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл қанатқақты жоба шикізат бағасының қымбаттығымен байланысты проблемаларды шешуге бағытталмақ. Жуықта облысымызға іссапармен келген Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитет өкілдерінің айтуынша, жаңа жоба бойынша шаруалардың өздері өндірген сүттерін тиімді бағада саудалауы және өңдеуші тараптың оны сатып алуы арасындағы айырмашылық мемлекет қаражаты есебінен өтеледі. Өз кезегінде кәсіпорындар ақтан ірімшік, қатық, айран, май секілді өнімдерді өндіріп шығарады. Бір ескеретін жайт, арзандатылған шикізаттан өндірілетін тауарлар қатаң белгіленген ереже бойынша шығарылады.

Айта кету керек, қанатқақты жоба Шығыс Қазақстанмен қатар, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл өңірлердегі көптеген сүт өңдеуші кәсіпорын шикізатпен жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Сондықтан бұл бастама осы олқылықтардың орнын толтырады дейді мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: сүт
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде