USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жоғары санатты ұстаздар еңбекақысы өседі

Жоғары санатты ұстаздар еңбекақысы өседі

Келесі жылдың шілдесінен елдегі жоғары санаттағы ұстаздар 91 мың теңгеден астам еңбекақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі мен келесі жылы енгізілетін жаңа жүйе бойынша есептер жүргізілді. Мұнда үстемақылар есепке алынған жоқ. Мәселен, білім беру саласында биылғы 1 қаңтарда жоғары санатты ұстаздар еңбекақысы үстемеақыларды қоспағанда 68 мың 64 теңге, 1 сәуірдегі 10 пайыздық өсімнен соң 73 мың 761 теңгені құрады. Бұл ұстаздың негізгі еңбекақысы, - деді А.Құрманғалиева.

Жаңа жүйе бойынша жоғары санатты ұстаздың негізгі еңбекақысы 2015 жылдың 1 шілдесінен 91 494 теңгеге өспек, оның үстіне үстемеақы қосылады. Сонда негізгі еңбекақы бойынша өсім 33 пайызды құрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мұғалімдер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде