USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Марал өсірушілердің дүниежүзілік конгресі өтеді

Марал өсірушілердің дүниежүзілік конгресі өтеді

Биылғы 30-31 тамыз күндері Өскемен қаласында марал шаруашылығының бүгіні мен болашағына арналған VI дүниежүзілік конгресс өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық марал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Нұрлан Тоқтаров дүниежүзі марал өсірушілерінің VI конгресі біздің облыста тектен-текке өткізілгелі отырмағандығын айтады. Бір кезде маралымен әйгілі болған аймақта бүгінгі күні оның саны екі есеге жуық кеміп, 9583 басқа түсіп отыр. Жануарларға дұрыс жағдай жасалмай отыруынан күйі кетіп, өнімдерін өңдеу, өткізу оңды шешімін таппай келеді.

Конгресте саланы дамытуға орай өзге елдердің өкілдерімен тәжірибе алмасылып, марал шаруашылығын тығырықтан шығару, ветеринарлық жағдай, басқа да мәселелер талқыланбақ

Марал өсірушілердің дүниежүзілік V конгресі 2010 жылы Қытайдың Чан-Гунь қаласында өткен болатын. Биыл Өскеменде өтетін шараға Жаңа Зеландия, Қытай, Корея, Австрия, Нигерия, Швеция, Ресей елдерінің марал шаруашылығы саласының өкілдері жиналмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: марал шаруашылығы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде