USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қонақүй қызметшілері даярланады

Қонақүй қызметшілері даярланады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында дуальді оқытудың қанатқақты жобасы іске қосылды. Мәселен, бүгінде дуальді оқытуға «Азия Авто» зауыты ерекше көңіл бөліп, болашақ машинақұрастырушыларды қанатының астына алып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдағы уақытта Өскемен қаласындағы «Дедеман - Өскемен Tavros» қонақүй кешені де осы бағытта жұмыс істеуге құлық танытып отыр. Барлық халықаралық талаптарға сай мекеме Қазақстан-Америка еркін университетінің түлектерін «қонақүй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытуды қолға алмақ. Бүгінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы аталмыш қонақүймен бірігіп «қонақүй шаруашылығының әкімшісі», «даяшы-бармен» сынды мамандықтар бойынша біліктілік арттыру курстарын дайындауда. Мұнда жас мамандар түрлі тренингтерге қатысып, тестілеуден өтеді, тәжірибелік тапсырмалар орындап, қызмет көрсету тәртібін меңгереді. Кәсіби бағдарлау барысында психологиялық әдістемелер мен кәсіби ортаны таныстыру үрдісі негізге алынбақ.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қонақ үй
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде