USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстан брендік тауарларын Қытайда ұсынады

Шығыс Қазақстан брендік тауарларын Қытайда ұсынады

Өскеменнен Қытайға 80 адамнан құралған керуен тобы аттанды. Ұлан, Глубокое аудандары және Өскемен қаласының өкілдері Шәуешекке іргелес жатқан Ляо Тао қаласында ұйымдастырылған жәрмеңкеге өңірімізде өндірілетін брендік тауарларын ала кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жерлестеріміз жәрмеңкеге 30 тонна бал, 500 литр күнбағыс майын, 200 келі макарон өнімдерін апарды. Ұйымдастырушылар жәрмеңкедегі өнімдер мен шеберлердің қолынан шыққан суреттер, домбыралар сатылып кететініне сенімді. Өйткені, наурыз айында Шәуешекте Шығыс Қазақстан облысының күндерін тойлағанда, өңіріміздің өнімдері мен суретшілер Құдаш Нұрсадықов пен Николай Аштеманың майлы бояумен салған суреттерін жергілікті халық қызыға сатып алған болатын. Суреттерден қазақылықтың бояуы байқалғандықтан болар, өскемендік қылқалам шеберлерінің суреттері сұранысқа ие. Осы жолы да жәрмеңкеге өскемендік суретшілердің майлы бояумен жазылған 80 шақты картиналары мен ұлттық аспаптар жөнелтілді. Аспан асты елінде сондай-ақ, бал мен пантокрин өнімдеріне де сұраныс көп көрінеді. Шығыстың мұндай брендтері бар екенін олар елден естіп жүргенімен, осындай жәрмеңкелерде болмаса, қол жеткізулері қиын.

Шығыс Қазақстан облысы мен Шыңжан-Ұйғыр автономиялық районы сауда-саттықпен қатар білім, руханият, мәдениет саласында да тығыз қарым-қатынаста. Бірлесіп жасаған халықаралық қызықты жобалары да жоқ емес.

Атап өтерлігі, ауқымды шараны өткізуге шекаралас жатқан екі аймақ та қызығушылық танытуда. Көршілес ел мұндай шараны ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасы шілдеде жәрмеңке өткізуге дайындық жұмыстарын бастап та кетті. Жоспардағы жәрмеңке де Ляо Тао қаласында өтеді.

Мерей Қайнарұлы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қытай
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде