USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Серпін-2050» штабы құрылды

«Серпін-2050» штабы құрылды

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасына сәйкес Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде салтанатты түрде «Серпін-2050» штабы құрылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Енді осы жоба аясында оңтүстік өңірлерден 150 талапкерді мемлекеттік бағдарламаның кепілдікті квотасы бойынша оқуға қабылдайды. Білім және ғылым министрлігінің шешімімен мамандықтардың тізімі де белгіленіп қойды. Тізімге университеттің алты факультетінде оқытылатын 15 педагогикалық мамандықтар кіреді.

- «Серпіл қазақ, серпілетін кез келді» атты ұранмен «Серпін-2050» облыстық штабын ашып отырмыз. Бұл штабтың мақсаты - оңтүстік өңірлерден талапкерлерді жоғары оқу орындарына және колледждерге тарту. Ашылған штабтың мүшелері қаламызға келген талапкерлерге жол көрсетіп, көмектесіп отырады, - дейді университеттің проректоры Анар Мырзағалиева.

Еліміз бойынша өңірімізде тұңғыш ашылған «Серпін-2050» штабында 16 адам және белсенді жастар жұмыс істейтін болады. Штабтың алғашқы отырысы өтіп, алға қойылған жоспарлары талқыланды. Жиында өзге облыстан келген студенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері де сөз болды. Ерекше айта кетерлігі, оқуға келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіліп, оқу орындарын тәмамдағаннан кейін жұмыс орындары да ұсынылады. Ал штаб мүшелері талапкерлерді қабылдауға дайын.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: шқму
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
3 комментария
  1. кайрат
    Аты "Серпін" болса бұлар бізді серпілте ме, әлде серпінте ме. Жаман ешкі сақалшы, жаман адам мақалшының кебі болмасын. Осы жылдар ішінде қанша жоба көтеріліп, қаншасынан нәтиже болды екен.
  2. Галия
    Жақсы-ақ бағдарлама екен, тек не үшін педагогикалық мамандарға ғана құрылған. Мысалы, мен медицина саласына түскім келеді, оған ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, 11 жылдық арманым желге ұшайын деп тур. Барлық пәннен бестікпен оқып, ҰБТ-да жолым болмады, 96 балл жинадым орыс тілін алғанда 80 балл, бұл баллмен медицина саласына түсе алмайды екенмін.
  3. кайыржан
    Қай жакка қарай жұмыс ұсынылады екен. Әлде өзмнің еркім бе?
Біз әлеуметтік желілерде