USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жас талант «Кешью» тобымен бірге ән салды

Жас талант «Кешью» тобымен бірге ән салды

ШҚО Көкпекті ауданы Құлынжон ауылдық округіндегі Казнаковка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Елназ Бақытбекова балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Самға, жұлдыз!» атты өнер байқауына қатысып, бас жүлдені еншілеп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Эстрадалық вокал аталымында бақ сынасқан 90 өнерлі баланың ішінен суырылып алға шыққан Елназдың жеңісіне оның анасы мен ән-күй пәнінің мұғалімі Менсара Қанғашеваның қосқан үлесі үлкен.

- Елназ «Самға, жұлдыздың» алғашқы күні сахнаға шыққанда қазақ тілінде «Алтын бесік» әнін орындаса, екінші күні ағылшын тілінде ән салды. Ал байқаудың қазылар алқасында белгілі әншілер Майра Ільясова, Ақжол Мейірбеков сынды өнер майталмандары болған еді. Байқаудың жеңімпаздары атала бастағанда Елназдың атын естіп, қатты қуандық. Оған арнайы диплом мен «Самға, жұлдыздың» ескерткіш мүсінді белгісі тапсырылды. Байқау аяқталған соң жеңімпаз балалар Жамбыл атындағы филармонияда өнер жұлдыздарымен бірігіп, ән шырқады. Онда Елназға «Кешью» тобымен ән салу бақыты бұйырды, - дейді оның анасы Менсара қуанышын жасыра алмай.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кешью
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде