USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Малға дәрі айрықша тәсілмен егілмек

Малға дәрі айрықша тәсілмен егілмек

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Серік Күдебаевтың айтуынша, биыл аймақ аусылдан тыныш болғанымен Көкпекті, Күршім, Үржар, өзге де біраз аудандарда ірі қара мен ұсақ малдың бруцеллезбен ауырғандығы жиі тіркелінуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Катонқарағай, Риддер, Зырян өңірлері бұл аурудан таза. Облыстың мал дәрігерлері енді көп кездесетін бруцеллезге қарсы өзгеше екпе - конъюнктивті тәсілді енгізуді жоспарлап отыр. Өткен жылы вакцинаны көзге тамызу тәсілімен егілген Үржар ауданы, Бұғыбай округінің малдарынан биылғы тексеру кезінде мұндай ауруға шалдыққан бірлі-жарым ғана мал анықталған. Биыл аталған ауданның малдарын түгелдей осы тәсілмен егу көзделініп отыр. Ойдағыдай нәтиже берсе, бүкіл облыс бойынша осы тәсіл қолға алынбақ.

Мал басының амандығы мал дәрігерінің сапалы қызметіне де көп байланысты. Қазіргі күні ауылдар-дағы мал дәрігерлері Өскемендегі
ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында білімдерін жетілдіруде.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мал дәрігері
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде