USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Моншаның пайдасы қандай?

Моншаның пайдасы қандай?

Бағалай білген адамға моншаның пайдасы зор. Ол ең әуелі, денедегі зат алмасу процесін жаңа сатыға көтереді де, ағзадан токсиндер мен метоболизм азықтарын шығарады.

Дәрігерлер тыныс алу жолдары ауырғанда, яғни, суық тигенде, жөтел мен тұмауда ыстық бу қабылдауға кеңес береді. Бу бөлмесінде жақсылап қыздырыну – емделудің басы. Адам буланған уақытта қан тамырлары кеңейіп, бетке қан жүгіреді. Арнайы сыпыртқымен массаж жасауға да болады. Егер бу бөлмесіндегі ауаның ылғалдылығы тым жоғары болса, терінің сыртқы қабатында тер буланбайды да, жылу алмасу қиындайды. Сондықтан қатты қыздырынудан қорықпаймын дегеннің өзінде, бу бөлмесінде 1015 минуттан артық отырмаңыз.

Моншаның емдік қасиетіне сене отырып, қауіпті жақтарын да естен шығармаған жөн. Мысалы, дүркіреп өткен ойынсауықтан шыға салып, моншаға кіруге болмайды. Шамадан тыс алкоголь жүрек-қан тамырларына салмақ салады, бұған ыстық буды қосыңыз. Мұндай салмақты ағза көтере алмайды. Сонымен қатар суық тию қатты асқынып кетсе, моншамен жазамын деп ойламаңыз.

Әзірлеген – Серік Құсанбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: монша
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде