USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұғалімдер кабинет жөндеуге өз ақшаларын жұмсағаны дұрыс па?

Мұғалімдер кабинет жөндеуге өз ақшаларын жұмсағаны дұрыс па?

- Мұғалімдердің мектептегі кабинеттерді жыл соңында әктеп, сырлауға өз қалталарынан қаржы шығарғандары дұрыс па? Оған мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді емес пе? Жылда осы жағдай қайталануда. Ал паспортталған кабинеттердің мұғалімдері ше?
Айбек (аты өзгертілген) Өскемен.

Сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Шынар Молдабекова жауап береді:

- Қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерге еңбек шартымен көзделмеген жұмысты жүктеуі заңға қайшы.

Сонымен қатар, мектеп басшылығының қызметкерлерден қаражат жинауы сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың нормаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа ұласқан әрекеттер болып сипатталады.

Осы ретте аталған заң нормаларының бұзылып отырғандығы туралы мұғалімдерге мекеменің жоғары тұрған органына (білім басқармасына) немесе прокуратура органдарына мәлімдеуі қажет. Ал еңбек құқықтарының сақталмауы мәселесімен облыстық әкімдіктердің жанындағы мемлекеттік еңбек инспекциясына жазбаша шағымдануға болады.

Атап айтарлығы, бұл ретте шағымдар қаралуы үшін онда арызданушылардың аты-жөні, тұратын мекенжайы нақты көрсетілуі тиіс екендігін ескертемін.

Әзірлеген - Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мұғалімдер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде