USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жас ақындар айтысын тамашалады

Жас ақындар айтысын тамашалады

Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапханада «Кітапханадағы жаңа толқын» тақырыбы аясында «Кітапхана түні» атты әлеуметтік-мәдени акция өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шарадағы ерекше мәдени бағдарламада оқырмандар әсем ән тыңдап, қызықты викториналардың сұрақтарына жауап беріп, ұлттық ойындар мен жас ақындардың айтысын тамашалады. Мәселен, Шәкерім атындағы СМУ-дың студенттері жас режиссер Қуат Қияқбайдың «Мазасыз маусым» атты сахналық қойылымын қойса, КТК мүшелерінің әзілдері мен кітап көрмелерінің тұсаукесері өткізілді.

Акцияны өткізуге қалалық мәдениет үйі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, радиотехника және байланыс колледжі, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Шанс» еңбекпен қамту орталығы, «Альфа Дэнс» би мектебінің студиясы және басқалар қолдау көрсетті. Ал «Шеберлер мектебі» бисер, бодиарт және кесте тігу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.

Ал кішкентай оқырмандар кітаптың тарихы мен шығарма кейіпкерлеріне арналған қызықты сұрақтарға жауап беріп, «Кітап жаңбыры» атты сиқырлы оқиғаларын дайындады. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облыстық балалар биология орталығы белсенді оқырмандармен бірлесіп ұйымдастырған «Табиғат бұрышы» балаларды ерекше шаттандырды.

Шара соңында оған келген әр қонақ «Кітапханаға - менің тілегім» атты тақтаға өз тілегін жазса, бірқатар оқырман түрлі-түсті қағаздарға өздерінің арман-тілектерін жазып, «Тілек ағашына» ілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде